«Бұрынғы «КНБ-шник» екенін айтты»: белгілі әншіні көршісі ұрып-соққан (видео)

Аиса Махамбет Редактор
06.03.2025, 16:15
681
«Бұрынғы «КНБ-шник» екенін айтты»: белгілі әншіні көршісі ұрып-соққан (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Алматыда әнші қызды көршісі ұрып кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, BikaBreezy лақап атымен танылған әнші әрі блогер Биназир Ермағамбетова көршісінің ұрып-соққанын айтты. Онымен қоймай ер адам бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істейтінін айтып қорқытқан. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Алматы қаласы Медеу аудандық сотында қаралып жатқан іс барысында әнші айыпталушының өзіне қарсы шағым түсіргенін білген. 

"29 қаңтарда өз үйімнің ауласында мені салмағы 130 келі ер адам ұрып-соқты. Ал менің салмағым бар болғаны 50 келі. Ер адамның маған жасаған соққысынан кейін маңдайымда көгерген жер пайда болып, ісініп кетті. Өзімді қорғау үшін оны лақтырмақ болдым, бірақ нәтиже шықпады. Керісінше ол мені ұрып-соғып, тұншықтырды. Оның үстінен арыз жаздым. Қазір сот процесі жүріп жатыр. Мен жәбірленушімін. Дегенмен екінші іске қатыстым. Себебі көршім ол мені ұрып-соқты деп үстімнен арыз жазыпты", – дейді әнші. 

Биназирдың сөзінше, ер адам сот кезінде мемлекеттік органдарда таныстары көбін айтып мақтаныпты. 

"Мен арыз жазған соң, ол да арыз жазуға шешім қабылдапты. Ол маған сотта байланыстары мен ақшасы барын, бұрын мемлекеттік органда жұмыс істегенін айтып, айғайлады. Ол расымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері екен. Бірақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқа қызметкерлері бұл сияқты емес деп үміттенемін", – деді ол.

Әнші жарақатына байланысты өнер көрсетуден бас тартуға тура келгенін айтты. 

"Қайтадан несие алуыма тура келді. Бетім көгеріп, орындалмаған келісімшарт үшін 4,5 миллион төледім", – дейді әнші.

Әншінің беті ғана емес, көмейі де зақымданған. Осының кесірінен шетелдік лейблдермен келісім-шарты бұзылып, ән жаза алмай қалған.

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінен мән-жайды сұрап білді. 

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

“Медеу аудандық полиция басқармасы, ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Іс жүргізу аясында тиісті сараптамалар мен процессуалдық әрекеттер жүргізілді. Қылмыстық іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді”, – делінген хабарламада. 

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті