7 жасар бала аштықтың кесірінен мүгедек болып қалған

Аиса Махамбет Редактор
07.03.2025, 10:16
605
7 жасар бала аштықтың кесірінен мүгедек болып қалған Getty Images

Әлеуметтік көмек 3 жастан кейін тоқтады дейді анасы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алатау қаласына қарасты ауданда аштықтан ауыр дертке шалдығып, ақыры мүгедек болып қалған бүлдіршін анықталды. Жағдайы нашар отбасында еңбек етіп, табыс табар ешкім жоқ.

Almaty.tv арнасының хабарлауынша, отағасы денсаулығына байланысты көшеге шыға алмайды, ал анасы 2 балаға қараумен әлек. Татьяна Чикинаның айтуынша, соңғы жылдары олар бір зейнетақыға қарап қалған, содан тұрмыстары күрт нашарлап кетіпті. Қаржы тапшылығынан кенжесі краббе ауруы, яғни ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздігіне шалдыққан. Дер кезінде көмек көрсетпегеннің кесірінен 7 жасқа таяп қалған баланың физикалық жағдайы 4 жастағы баланікіндей дамымай қалған.

Әлеуметтік көмек 3 жастан кейін тоқтады. Мен күйеуімнің денсаулығына байланысты жұмысқа шыға алмайтын болдым. Бір зейнетақыға өмір сүріп жүрміз, бірақ қаржы тіпті тамаққа жетпейді, оның үстіне балам ауырды. Аяққа тұра алмай жатырмыз. Ауруханаға жүгіндім, бірнеше рет ем алдық, қазір балаға мүгедектік жазып беру жұмысы жүріп жатыр. Соңғы кезде құзырлы органдар азық-түлік әкеліп, жағдай сәл де болса жақсарды, – дейді Алатау қаласының тұрғыны.

Алатау қаласында тағдыр тәлкегіне ұшыраған тағы бір отбасы бар. Кәмелетке толмаған 3 баласы бар жанұя қала шетіндегі шаруа қожалығындағы ескі вагонды пана етеді. Іші қараңғы, сыз тартады, адам көрсе шошитын көрініс. 15, 5 және 3 жастағы балалар мұнда анасымен және оның көңілдесімен тұрады. Білім алып жарытпағаны былай тұрсын, бозбала физикалық қорлық көрген. Жағдайды көзбен көрген құзырлы орган өкілдері әйел мен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету орталығына орналастырды.

Егер ата-анасы ішіп кетіп, балаларға қарамаған жағдайда, мобильді топ құрып, комиссияның шешімі бойынша ата-ана құқығынан айыруға болады. Біздің міндетіміз – баланың және жәбір көрген, зорлық-зомбылық көрген ананың, құқығын қорғау, – деді Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры Ләйлә Кеңесханқызы.

Мұндай жағдайларды бақылауға алып, алдын алу үшін Алматы облысының прокуратурасы "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасын қолға алып, мобильді топ құрып, 13 мыңға жуық әлеуметтік осал топтағы отбасын тексерген. Жұмыс барысында анықталған жанұяларға азық-түлік, көмір жеткізіледі.

Жобаның мақсаты – зорлық-зомбылық қаупінде тұрған немесе оған ұшыраған балаларды анықтау немесе оларға көмек көрсету. Қалалық әкімдік, полиция, қамқоршылық органдары, психологтармен бірге Алатау прокуратурасында мобильдік топ құрылды, – деді Алатау қаласы прокурорының орынбасары Рауан Махтаев.

Арнайы мобильді топ анықтаған қараусыз қалған бүлдіршіндер медициналық тексеруден өтіп, кейбірі ауруханаға жатқызылды. Прокуратура өкілдері мәлім еткендей, жұмыстар үнемі жүргізіліп, жағдайы нашар жанұялар үздіксіз бақылауда болады.

Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды Ер адам бұрынғы енесін баланың көзінше өлтіріп тастады Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Lamborghini-ден секіремін деп астына түсіп қаза тапқан жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады Астаналық тұрғын сот арқылы ұлтын «неміс» деп өзгертті Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды