Өзбек футболшысы әйгілі «Манчестер Сити» клубының үздік ойыншысы атанды

Аиса Махамбет Редактор
07.03.2025, 16:51
823
Өзбек футболшысы әйгілі «Манчестер Сити» клубының үздік ойыншысы атанды Mancity

Өзбек ойыншысы өткен айда бес ойын өткізген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ағылшындық “Манчестер Сити” футбол клубының қорғаушысы Абдукодир Хусанов ақпан айындағы ойындар нәтижесі бойынша команданың үздік ойыншысы атанды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Өзбек ойыншысы өткен айда бес ойын өткізді. Англия чемпионатында “Тоттенхэм”, “Ливерпуль” және “Ньюкасл” командаларына және Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде испандық “Реал Мадридке” қарсы ойындарда Хусанов алаңда 90 минут ойнады. Ал Англия кубогының 1/16 финалында лондондық “Лейтон Ориент” клубына қарсы өткен матчта екінші таймда алаңға шыққан қорғаушы командасының жеңіс голын соқты.

Осылайша, ақпан айының үздігі болған қорғаушы бұл ретте командаласы Эрлинг Холландтан озды.

Айта кетейік, Абдукодир Хусанов “Манчестер Сити” сапына қысқы трансферлік терезе кезінде француздық “Ланс” футбол клубынан ауысып келген еді. Ағылшындықтар өзбек ойыншысын 40 миллион долларға сатып алған болатын.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды