Грузияның бұрынғы президенті Саакашвили тоғыз жылға сотталды

12.03.2025, 13:15
661
Грузияның бұрынғы президенті Саакашвили тоғыз жылға сотталды Reuters / Irakli Gedenidze

Оған мемлекеттің ақшасын қалтаға басты деген айып тағылған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили мемлекеттік қаражатты ірі көлемде талан-таражға салғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Судья Бадри Кочламазашвили экс-президентті бюджет қаражатын заңсыз жұмсады деп танып, оны бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, бұл істе Грузияның арнайы күзет қызметінің бұрынғы басшысы Теймураз Джанашия да жауапқа тартылды. Оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып, 300 мың лари (шамамен 110 мың доллар) көлемінде айыппұл салынды.

"Пиджактар ісі" – Михаил Саакашвилидің 2009-2013 жылдар аралығында мемлекеттік бюджеттен 8,8 миллион лари (шамамен 3 миллион доллар) жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны туралы іс. Тергеу мәліметінше, ол бұл қаражатты Лондонда қымбат киімдер, соның ішінде жеті пиджак пен кашемир пальто сатып алуға, демалысқа және косметикалық процедураларға жұмсаған.

Айып тағылғанымен, Саакашвили мен Джанашия процесті саяси астары бар деп есептейтінін айтып, кінәсін мойындамады.

Айта кетейік, Михаил Саакашвили қазірдің өзінде басқа қылмыстық істер бойынша 6 жылдық жазасын өтеп жатыр. Ол Сандро Гиргвлианидің өлтірушілерін заңсыз кешірді және депутат Валери Гелашвилиді соққыға жығуға бұйрық берді деген айыппен сотталған.

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті