Жас жазушылар Президенттік сыйлыққа өтінім бере алады

13.03.2025, 11:16
263
Жас жазушылар Президенттік сыйлыққа өтінім бере алады Pexels.com

Жас қаламгерлерге арналған сыйлыққа өтінім қабылдау басталады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық жас қаламгерлерге арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау 15 наурызда басталады.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, биыл жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында үшінші рет Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындалады. Әдеби сыйлыққа 18-35 жасқа дейінгі қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларын ұсына алады.

Өтінім «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша қабылданады. Автор тек бір номинацияға ғана қатыса алады.

Өтінімді 2025 жылғы 15 наурыз бен 15 маусым аралығында қағаз және электронды түрде мына мекенжайға жолдау қажет: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 14 кіреберіс, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273 кабинет.

Барлық сұрақты +7 707 541 8006, 8 (7172) 74-04-07; 74-03-84; 74-04-08 нөмірлері бойынша анықтауға болады.

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды