"Дінге бет бұрып кетті": Гүлзира Айдарбекова әнші Сырым Исабаевқа қатысты шындықты айтты

Аиса Махамбет Редактор
14.03.2025, 15:45
4515
"Дінге бет бұрып кетті": Гүлзира Айдарбекова әнші Сырым Исабаевқа қатысты шындықты айтты жеке мұрағатынан

Адам атағы шыққасын өзгеріп сала береді дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әнші Сырым Исабаевқа қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Арт-директор, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Үсенқызы кезінде сахнаға шығарған Сырым Исабаевқа қатысты сөз қозғады. 

“Мен көп адамның сахнаға шығуына ықпал еттім. Сырым мен Бақыт Алтай болды. Олармен де жақсы жұмыс істедік. “Сырымды құртып жіберді” деген әңгіме тарады. Мен олай адамды жұтып жіберетін анаконда емеспін. Тіпті, Қайрат Нұртастан гөрі Сырымды маған ұқсататын. Біз ешқашанда ұрысып, ренжіскен емеспін. Дауыс көтеріп сөйлеп көрмедім. Қайрат екеуі керемет әндер жазды. Халыққа таралып, тойларға шықты. Бірақ Сырым “Мен жоқ болып кетіп, қайтадан жарқырап шыққым келеді” дегенді жиі айтты. Сосын дінге бет бұрып, намаз оқи бастады. Бизнеске қызықты. Солай өзінің таңдауымен кетті. Адам не айтса сол орындалады екен. Сыйластығымыз үзілген жоқ. Жақында Шымкенттегі біз түскен қонақ үйге келіп, амандасып кетті. Сол кезде өнерге қайтадан келгісі келетінін айтып қалды”, – деді продюсер. 

Сондай-ақ продюсер аты шыққаннан кейін өзгеріп шыға келетін өнер өкілдеріне қатысты да пікір білдірді. 

“Адам атағы шыққасын өзгеріп сала береді. Тәкаппарлығын көрсетіп, продюсерге бағынбай кететін кезі болады. Кезінде “АльЗаБи” деген топты құрдым. Ғұмыры ұзаққа бармады. Өйткені топ мүшелері бір үйдің еркелері еді. Оның құрамында ұлым Заңғар да болды. Менмендігі басталып, айтқанға көнбейтінді шығарды. Содан “қоя салыңдар” дедім. Әуелде Заңғар топтың құрамында өнер көрсеткім келеді дегесін, құрған едік. Бірақ менің тарапымнан оларға қысым болған емес. Әлі күнге дейін балаларым секілді жақсы көремін”, – деді арт-директор. 

Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды