"Жабайылық деген – осы": Меруерт Түсіпбаева Түркістан облысындағы мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкерін сынады

Аиса Махамбет Редактор
14.03.2025, 16:58
1250
"Жабайылық деген – осы": Меруерт Түсіпбаева Түркістан облысындағы мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкерін сынады бейнежазбадан алынған кадр

Медресе ұстазы балаларға аяғын уқалатып қойған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Түркістан облысындағы мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкерін сынады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Айта кетейік, мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкерінің видеосы желіге тараған еді. 

“Бір апта бойы талқыланып жатқан жабайылық деген – осы. Жабайылық деген осы болар, сірә?! Болашағы жарқын болсын десеңіз, көкжиегін кеңейтіп, балаларыңыз саяхаттасын, тіл үйренсін, кітап оқысын, білімді, сауатты, заманауи болсын!”, – деп жазды әнші. 

Еске салайық, ҚМДБ Түркістан облысындағы мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкеріне ескерту бергенін жазған едік. 

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Назарбаевтың ағасы Сатыбалды Әбішұлы атындағы мешітте имам аяғын уқалатқаны үшін сынға қалған еді. ҚМДБ бұл жағдайды дұрыс емес деп бағалады. Мешіт ғибадат үйі, рухани орталық, киелі мекен, иман мектебі болғандықтан, онда әрбір адам әдеп ережелерін сақтауы керек дейді.

"Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға желіде тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті жерде халықтың наразылығын тудырған әрекеттері үшін мешіт имамына ескерту жасады", – деп хабарлады мүфтият.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды