"Тұрсыннің балаларының көз жасына кім жауап береді?!": Дана Нұржігіттің продюсер Баян Мақсатқызы туралы пікірі жұртқа жақпай қалды

Аиса Махамбет Редактор
14.03.2025, 18:27
9577
"Тұрсыннің балаларының көз жасына кім жауап береді?!": Дана Нұржігіттің продюсер Баян Мақсатқызы туралы пікірі жұртқа жақпай қалды жеке мұрағатынан

Баянның арманы, Тұрсынның қаржысы дейді журналист.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал журналист Дана Нұржігіт продюсер Баян Мақсатқызының Queen Show-ынан алған әсерін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

БАҚ өкілі продюсердің өмір жолы мен қайсарлығына жоғары баға берді. 

“Ол бақытты екенін де, бақытсыз екенін де ашық айтады. Жағдайға мойынсұнып, тыныш өмір сүруге де болар еді. Бірақ Баян – күрескер! Ол өзінің жолын, өз үнін, өз қағидасын таңдайды. Кешегідей шоу Қазақстанның бір де бір актрисасына арнайы қойылмаған! Күйеуі Тұрсынның арқасы. Алдымен “Баянның соры болды”деп жолыққан адам, бағы болып сүйіктісінің арманын орындады. Мюзикл жанр ретінде бізде туып, бізде дамымаған өнер. Ондай әмбебап актерлар, режиссер, дыбыс, жарық режиссерларын табу, труппа жинау қиынның қиыны. Оны мүмкін қылған Баянның арманы, Тұрсынның қаржысы.Түптеп келгенде екеуінің махаббаты. Балаларды да, спектакльді де дүниеге әкелген екеуінің шын сезімі. Олар өздеріне ұрын келген, кешіккен алапат сезімнен қашып құтыла алмайтынын біліп, сол үшін қан, қарғыс көрсе де тағдырдан бірге болуды күресіп барып, қалауын жұлып алған адамдар. Ғашықтар сондай – эгоистер! Иә! Өйтпесе бірге болу жоқ! Бірақ екінші өмір де жоқ қой! " – деп жазды тележүргізуші.

Алайда желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, журналисты сөгіп тастады. 

“Мен сіздің жазбаларыңызды үзбей оқимын, бірақ мына жазғаныңызбен келіспеймін”, “Тұрсынның балаларының көз жасына кім жауап береді”, “Баян қазақ қазыдарының эталоны емес”, “Сәлем салуды жабайылық деген Баянды ешкімнің көргісі жоқ”, “Көше сыпырып жүрсе де, тәрбие беріп отырған аналарымыз жетерлік”, “Ол кісінің ана тілінде сөйлегенін көрмеппін”, – деп жазды көпшілік. 

 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады