«Айлық 62 мың теңге»: Ақтөбелік «Қазпошта» қызметкерлері жалақының аздығына шағымданды

Аиса Махамбет Редактор
17.03.2025, 10:50
645
«Айлық 62 мың теңге»: Ақтөбелік «Қазпошта» қызметкерлері жалақының аздығына шағымданды бейнежазбадан алынған кадр

Басшылық 62 мың теңге деген жалақы мүлде жоқ екенін айтып сендірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында почта қызметкерлері жалақының аздығына шағымданды. Айтуларынша, қымбатшылық белең алған кезде 62 мың теңге жалақы ештеңеге жетпейді. Ал шақырымдап аяқтан тозатын жұмыс болса бұл ақшаға тұрмайды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы жеткізді.

Бүгінде аймақта 600-ден аса пошташы қызмет етеді. Олардың арасында келісімшарт арқылы жұмыс істейтіндер бар. Бір хатты жеткізу құны 85 теңге, ал газет – 12 теңгені құрайды. Қызметкерлер қымбатшылық уақытында өте төмен жалақы алатындарына шағымданды. 

“Өз басым келісімшартпен жұмыс істеймін. Жалақым әр тасыған газет, хатыма есептеледі. Сонда еңбегім күніне шамамен 2 мың теңге болуы мүмкін. Бұл деген өте аз. Қазір барлығы қымбаттап жатыр. Айына табатын 62 мың теңгені жартысын, жалға төлеймін”, – деді пошташы Гүлзира Жұмалина.

Пошташылардың келісімшартсыз жұмыс істеп ақша алуының тағы бір түрі бар. Мұнда шартсыз кез-келген уақытта келіп, әр тасыған хатыңа байланысты ақша алуға болады. Алайда соның өзінде төленетін ақы қиын жұмыстың жемісін ақтамайды. 

“Мәселен өзің 5-участкеде тұрсаң, бару керек жерің 99-участкеде болуы мүмкін. Бұл деген біршама шақырымдар ғой. Тіпті кейде сонша жерге барғанда иелері көшіп кеткен немесе хатты алудан бас тартатындар болады. Мұндай жағдайда біз хатты кері әкелеміз. Ал бізге ақша тек табысталған хаттар үшін төленеді. Келісімшарт бойынша айлығым әрең дегенде 58-62 мың теңге аралығында шығады”, – деді тағы бір қызметкер Людмила Кубаева.

Ал Қазпочта басшылығы болса 62 мың теңге деген жалақы мүлде жоқ екенін айтып сендірді. Ақша орындалған жұмыс бойынша төленетінін түсіндірді. 

“Бізде 65 мың теңге дейтіндей жалақы жоқ. Барлығы орындалған жұмысқа байланысты. Қанша газет, журнал, хат тасығанына байланысты. Мәселен бізде 150-180 мың теңге алатындар бар. Барлығы адамның қаншалықты көлемде жұмыс атқаруына байланысты”, – деді “Қазпочта” жергілікті филиалының директоры Динара Хасанғалиева.

“Қазпочта” басқарма төрайымы Әсел Жанасова болса, қызметкерлердің жалақысы аз болғанымен, олардың екі үш жерде жұмыс істейтінін айтты. 

“Ашық түрде айтайын, менің жалақым 1 миллион 200 мың теңге. Бізде толық емес жұмыс уақытына шығатын қызметкерлер де бар. Бізде ресми тіркелмей, басқа жерде істеп, тек қосымша табыс үшін бізге жарты күнге келетіндер бар. Әрине, олардың айлығы аз көрінеді. Бірақ олардың екі-үші жұмысы бар”, – деді ол. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды