Алматыда ұландық офицер әйелді ажалдан құтқарды

17.03.2025, 14:13
581
Алматыда ұландық офицер әйелді ажалдан құтқарды SMARTNEWS.KZ коллажы

Төртінші қабаттан секірмек болған әйелді ұландық офицер ерлікпен аман алып қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының офицері капитан Аманғали Еменов қайғылы оқиғаның алдын алды. Ол тұрғын үйдің төртінші қабатынан секірмек болған әйелді құтқарды.

Оқиға 2025 жылдың 16 наурызында сағат 13:30 шамасында Алматының көппәтерлі үйлерінің бірінде болған. Аманғали оқиға орнына кездейсоқ тап болған, жоғарыға қарап тұрған адамдарды көріп, не болып жатқанын білмекші болған. Бұл уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, әйелді тағдырлы қадамнан бас тартуға көндіруге тырысып жатқан еді.

Ұландық офицер уақыт жоғалтпай, жоғарғы қабаттан арқан арқылы төменге түсіп, көрші терезеден пәтер ішіне кіреді. Бірден қонақ бөлмеге өтіп, асқан сақтықпен секіргелі тұрған әйелді артқа қауіпсіз жерге сүйреп шығарады. Әскери қызметші мен полицейлердің кәсіби әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді.

Оқиға орнына келген дәрігерлер әйелге қажетті көмек көрсетті, ал құзыретті органдар қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды