936

«Соғысты тоқтату мүмкін қолымыздан келеді, мүмкін келмейді»: Ертең Трамп Путинмен әңгімелеспек

Бұл жолы Трамп соғысты тоқтату ісіне сенімсіз екенін аңғартты.

«Соғысты тоқтату мүмкін қолымыздан келеді, мүмкін келмейді»: Ертең Трамп Путинмен әңгімелеспек
Jonathan Ernst/Reuters / Алексей Никольский/РИА Новости

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

- Сейсенбі күні мен президент Путинмен сөйлесемін. Демалыс күндері көп жұмыс жасалды, - деп хабарлады Трамп Флоридадан Вашингтонға қайтқанда Air Force One бортында тілшілерге.

Трамп Украина өткен аптада қабылдаған 30 күндік атысты тоқтату туралы ұсынысқа қатысты Путиннің қолдауын алуға тырысып отыр. 

- Біз бұл соғысты аяқтай алу-алмауымызды көргіміз келеді. Мүмкін қолымыздан келеді, мүмкін келмейді. Бірақ менің ойымша, бізде өте жақсы мүмкіндік бар, - деді Трамп. 

АҚШ президенті ресейлік әріптесімен жер, электр станциялары және басқа да мәселелер бойынша сөйлесетінін айтты.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор