«Басқа әйелдерді құтқару үшін тірі қалдым»: Баян Алагөзова бірінші некесі туралы шындықты айтты

Аиса Махамбет Редактор
17.03.2025, 17:51
1157
«Басқа әйелдерді құтқару үшін тірі қалдым»: Баян Алагөзова бірінші некесі туралы шындықты айтты бейнежазбадан алынған кадр

Денсаулығымды бес жылға жуық уақыт ретке келтірдім дейді Баян Мақсатқызы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі продюсер Баян Мақсатқызы жеке өміріндегі ауыр кезеңді есіне алды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Арт-менеджер журналист Дана Нұржігітке сұхбат беріп, ағынан жарылды. 

“Мен құдайдан махаббат сұраған адаммын. Ажырасқаным үшін құдай менің жазамды берді. Мен оны қабылдадым. Сол қанды оқиғадан менің тірі қалуым 20 пайыз еді. Менің жағдайыма тап болған, менің күйіме түскен әйелдерді құтқару үшін тірі қалдым. Денсаулығымды ретке келтіру үшін бес жылға жуық уақыт керек болды. Ешқашан өткенмен өмір сүрген емеспін. Тіпті, кешегі шоу-мюзиклдің де қалай өткенін, қанша ақша түскеніне бас ауыртпаймын. Сол сәтте өтті, кетті. Бұрынғы жеке өмірімді де есіме алғым келмейді. Мені құтқарған – махаббат”, – деді продюсер. 

Одан кейін марқұм әкесінің сөзін де есіне алып, аяқтан тұруына себеп болғанын жасырмады. 

“Менің әкем ешқашанда маған ақыл айтқан емес. Ол менің өмірімді көріп жүрді. Қанша көңілі толмаса да, білдіртпейтін. Екінші өмірімді бастағанда “Менің қызым бақытты болып жатыр” деді. Ауруханада жатқанда да “Қызым, мұның не?!” деп сұраған емес. Анам қатты жылап, менің түрімді көріп, аямады. Сол кезде “Мені аямаңдар!” дедім. Мен осы жолды таңдадым, аяғына дейін күресемін” дедім. Сол кезде әкем, “Әрқашан сенің жағыңдамын” деп қолдау білдірді”, – деді Баян Мақсатқызы. 

Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды