Елдегі 13 мыңнан астам адам таңғы сәресін Нұрлан имаммен бірге өткізді
Мұндай мүмкіндік ешбір мешітте жоқ дейді ол.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қасиетті Рамазан айында желіге танымал имам Нұрлан Байжігітұлы елде болмаған рекорд орнатты.
Ырыскелді мешітінің имамы 13 мың адам бас қосқан тікелей эфирде ұлттық салт-санамызды дәріптеуге тырыстым дейді. Эфирдегі оқиғаға байланысты Нұрлан Байжігітұлы SMARTNEWS.KZ басылымына пікір білдірді.
«Бұл менің жылдағы жұмысым. Ораза айында таңғы сәресінің алдында осындай халыққа түсіндіру жұмысын, ұлттық салт-санамызды, құндылығымызды дәріптеп отырып, тікелей эфир өткіземін. Енді халықтың пікірі осы. Мынау 13400-дей адам сол бір мезгілде тыңдап отырған сәт қой. Қазіргі әлеуметтік желінің құдіретін, оның деңгейін көрсететін бірден бір көрсеткіш шығар.
Халықтың ниеті. Осынша уақыт бір мезгілде тыңдау – біздің Қазақстанда мешітте жоқ-ау, бір мезгілді осындай мүмкіншілік. Сондықтан біздің барлық дін қызметкерлері дерлік осындай әлеуметтік желінің күшін көмегін пайдалану керек деп есептеймін», – дейді Нұрлан имам.
Материал авторы