Ербаян Мұхтар туралы қуанышты жаңалық жетті

Аиса Махамбет Редактор
18.03.2025, 10:13
1020
Ербаян Мұхтар туралы қуанышты жаңалық жетті жеке мұрағатынан

Қазір беті толысып, салмақ қосып қалған дейді адвокаты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, адвокат Инга Иманбай әскерде жараланған сарбаз Ербаян Мұхтардың денсаулығы туралы жаңалықпен бөлісті. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында Ербаянмен кездесіп, оның қазіргі жағдайын және емдеу барысын ата-анасымен талқылағанын мәлімдеді.

Адвокаттың айтуынша, сарбаздың жағдайы тұрақты, Ыстамбұлға емделуге ұшқан кездегі жағдайымен салыстырғанда әлдеқайда жақсарған.

Қазір беті толысып, салмақ қосып қалған. Бір айдан кейін емнің екінші кезеңі – реабилитация басталады. Ербаян мен оның ата-анасына халықтың қолдауын жеткіздім, олар алғысын жаудырып жатыр. Біз бірге болып, Ербаянның толық сауығып кетуіне көмектесеміз!, – деп жазды Инга Иманбай.

Сонымен қатар, ол қылмыстық іс бойынша да әділеттілікке жету үшін күрес жалғасатынын атап өтті. Адвокаттың сөзінше, Ербаянды осы күйге жеткізгендер заң алдында жауап бермейінше, іс бақылауда болады.

Айта кетейік, Ербаян Мұхтардың ісі бойынша әлі күнге дейін ешкім күдікті деп танылмаған. Бас әскери прокурордың орынбасары Мақсат Қазиевтің айтуынша, кешенді жедел-тергеу шаралары әлі де жалғасуда, ал түпкілікті шешім сараптамалар мен тергеу нәтижелерінен кейін қабылданады. Бұл іс Бас прокуратура мен бас әскери прокурордың ерекше бақылауында тұр.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады