«Тойдың орнына Дубайға жібердік»: Бүркіт ата-анасын шетелге демалысқа жіберді

Аиса Махамбет Редактор
18.03.2025, 13:31
775
«Тойдың орнына Дубайға жібердік»: Бүркіт ата-анасын шетелге демалысқа жіберді жеке мұрағатынан

Жасы 90-ға жеткен ата-анасын демалысқа жіберген әнші көптің ықыласына бөленді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Бүркіт (Айбек Жансейітов) ата-анасын ерекше сыйлықпен қуантты. Өнер иесі жасы 90-ға таяған әкесі мен анасын Дубайға демалысқа жіберіп, олардың жайлы уақыт өткізуіне жағдай жасаған.

Әнші бұл туралы Instagram парақшасында бөлісіп, ата-анасының Дубайда қалай демалып жүргенін көрсететін видеолар жариялады. Кадрларда ақсақалдың теңіз жағасында серуендеп, күнге қыздырынып, бассейнге шомылып жүргені байқалады.

Биыл әкемнің туған күні қарсаңында ата-анамызды тойдың орнына Дубайға демалуға жіберуді жөн көрдік. Он шақты күн жайлы демалсын деп, шетелге бес жұлдызды қонақүйге орналастырдық. Қазір ораза айында Дубайда ауа райы тамаша. Ол жақтан ағам күтіп алып, тамақтандыру, серуендету, шомылдыру сияқты бар жағдайды жасады. Тіл білмеген соң қиындықтар болуы мүмкін деп ойладық, бірақ бәрі жақсы өтті. Екі кісі бізсіз демалып қайтты деп айтсақ, артық емес. Ата-анамыз аман-есен жанымызда болғаны – біз үшін ең үлкен бақыт, – деп жазды Бүркіт.

Әншінің бұл әрекеті желі қолданушыларының жылы лебізіне ие болды. Желі оқырмандары оның ата-анасына көрсеткен құрметі мен қамқорлығына тәнті болып, игі тілектерін жаудырды.

«Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді Астанада бір топ жігіт екі баланы ұрып кеткен Шерзаттың сотында айыпталушы Тоқтаубаев өтірік айтқанын мойындады Қазақ сарбазы АҚШ-та рекорд орнатты «Трамп пен Ердоғанды сыйлағасын келісіп ем»: Зеленский де келіссөздерге қатыспайтынын айтты Бүгін өңірлерде 44 градусқа дейін аптап ыстық болады «Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын»: Балжан Бидаш екінші рет тұрмыс құрмақ