Алматылық жігіт ChatGPT көмегімен сотта жеңіп шықты

Аиса Махамбет Редактор
18.03.2025, 16:51
638
Алматылық жігіт ChatGPT көмегімен сотта жеңіп шықты бейнежазбадан алынған кадр

Тұрғын өзіне заңсыз айыппұл салынғанын дәлелдеп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының 23 жастағы тұрғыны Кенжебек Исмаилов желідегі парақшасында жол жүру ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлдың күшін жоюға ChatGPT көмегімен қол жеткізгенін жазды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Өткен жылдың желтоқсан айында Исмаилов жол ережесін бұзғаны үшін 5800 теңге көлемінде (жеңілдікпен) айыппұл алған және оны төлеген. Алайда бейнебақылау жазбаларын зерттеген соң, оның айыппұлдың заңдылығына күмәні туындаған.

"Сотта ChatGPT көмегімен жеңіске жеттім. Желтоқсан айында маған заңсыз айыппұл салынды. Оны 5800 теңге шамасында жеңілдікпен төледім Бірақ qamqorgov сайтынан бейнежазбаны алғаннан кейін Алматы полиция департаментіне шағым түсірдім. Алайда олар шағымымды қабылдамады", – деп жазды Кенжебек Исмаилов.

Полицияға жасалған шағым қанағаттандырылмады. Бірақ Исмаилов берілмей, сотқа арыз түсірді. Ол сотқа арыз беру және басқа да құжаттарды әзірлеу үшін ChatGPT қызметін пайдаланды, бұл оған жеңіске жетуге көмектесті.

Нәтижесінде сот Исмаиловтың пайдасына шешім шығарып, айыппұлды жойды. Енді жеңіске жеткен соң, Кенжебек азаматтық сотқа жүгініп, өтемақы талап етпек. Дегенмен ол өз күресінің басты мақсаты ақша емес, азаматтық құқықтарын қорғау екенін атап өтті.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды