Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты істің мән-жайы белгілі болды

10.03.2023, 16:11
834
Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты істің мән-жайы белгілі болды smartnews.kz

2023 жылдың ақпан айының ортасында қазақстандық заңгер Анна Димитриевич Алматыда күйеуі екеуін атақты балуанның баласы соққыға жыққанын мәлімдеді. 10 наурызда Қазақстанның Бас әскери прокуратурасы Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты істің мән-жайын айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

11 ақпанға қараған түні Алматыда әл-Фараби даңғылында, ойын-сауық орындарының бірінің маңында ҚР Қорғаныс министрлігі 30212 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі, демалыста жүрген қатардағы жауынгер Н.Д.Болат пен азамат О.Чернов арасында жанжал шықты.

"Қақтығыс кезінде Болат Чернов пен оның әйелі А.Черноваға бірнеше соққы жасаған. Осы факті бойынша 11 ақпанда Алматы қалалық ІІД Бостандық аудандық полиция бөлімі Болатқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-баптың 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді", деді ҚР Бас әскери прокуратурасы.

Артынша департаментте нақтыланғандай, "Болаттың әскери адам екенін ескере отырып, қылмыстық іс сот қарауына Алматы облыстық гарнизонының Әскери полиция басқармасына берілді".

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында сот-медицина сараптамасын тағайындап, қадағалаушы прокурор оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға жазбаша нұсқау берді", - деді ҚР Бас әскери прокуратурасы.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге мәлімет жариялауға ​​жатпайды.

2023 жылдың 15 ақпанында Алматыда ерлі-зайыпты адвокаттар Анна Димитриевич пен Олег Черновты соққыға жыққаны белгілі болды. Аннаның айтуынша, күйеуі екеуіне шабуыл жасаған атақты қазақ балуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты.

Кейін Дәулет Тұрлыханов Алматыдағы ұлына қатысты оқиғаны түсіндіріп, теріс қылығы үшін кешірім де сұрады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді