«Путин дайын»: Трамппен әңгімеден соң Путин қандай шешімдер қабылдағаны белгілі болды

19.03.2025, 09:43
462
«Путин дайын»: Трамппен әңгімеден соң Путин қандай шешімдер қабылдағаны белгілі болды Reuters / Kevin Lamarque

Путин мен Трамптың телефонмен жүргізілген келіссөздерінің қорытындысы шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, осыған дейін Ресей мен АҚШ президенттері телефон арқылы сөйлесті. Президенттер Украина аймағында қалыптасқан жағдай туралы пікір алмасты. Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі жазды.

Владимир Путин Дональд Трампқа атысты тоқтату мақсатының орындалуына ықпал етуге деген ұмтылысы үшін ризашылығын білдірді.

Хабарламада Путин Дональд Трамптың 30 күндік энергетикалық инфрақұрылымға шабуыл жасамау жөніндегі бастамасына қолдау білдіріп, бірден әскерге тиісті бұйрық берді.

Сонымен қатар ол 19 наурыз күні «175 на 175» форматында кепілдегі сарбаздар алмастырылатынын хабарлады. Мәскеу ауыр жараланып, Ресей ауруханаларында ем алып жатқан 23 украин сарбазын еліне қайтаратынын айтты.

АҚШ пен Ресей Украинадағы шиеленісті реттеу үшін сарапшылар тобын құрмақ.

Көшбасшылар сонымен қатар халықаралық деңгейдегі мәселелерді талқылады. Оның ішінде АҚШ-тың хуситтерге қарсы операция жүргізіп жатқан Қызыл теңіз бен жалпы Таяу Шығыстағы жағдай да бар.

- Шиеленіс аймақтарындағы жағдайды тұрақтандыруға, ядролық қаруды таратпау мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бірлесіп, күш жұмылдырылады. Бұл ресейлік-америкалық қарым-қатынастарды оңалтуға ықпал етеді, - делінген Кремль хабарламасында.

Путин шиеленісті бейбіт жолмен шешуге бейіл екендігін білдіріп, осы бағыттағы шешімдерді АҚШ-пен бірге бүге-шігесіне дейін дайындауға дайын екенін жеткізді және бұл шешімдер кешенді, тұрақты және ұзақмерзімді болуы керек.

Тараптар сонымен қатар екіжақты қарым-қатынасты жетілдіруге мүдделі екендіктерін мәлімдеді. Президенттер осы талқыланған мәселелер бойынша байланыста болуға келісті.

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды