677

Тоқаев келіссөздер жүргізген Трамп пен Путиннің шешімін құптайтынын жеткізді

Путин мен Трамптың телефонмен жүргізілген келіссөздерінің қорытындысы шыққан еді.

Тоқаев келіссөздер жүргізген Трамп пен Путиннің шешімін құптайтынын жеткізді
Facebook/Берик Уали

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзінің қорытындысын құптайды.

Президент екі елдің көшбасшылары нақты уағдаластықтар негізінде Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті екендерін көрсетті деп санайды.

Мемлекет басшысы бұған дейін барлық державаларды Украина бойынша «Бейбітшілік формуласын» әзірлеу мақсатында келіссөздер процесін бастауға шақырып, БРИКС саммитінде Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспарын қолдаған болатын.

Материал авторы