«Дәрілерін мүлде ішпеген»: Журналист құлдықта болған қыздар жайлы сұмдық ақпарат айтты

Аиса Махамбет Редактор
19.03.2025, 16:14
1646
«Дәрілерін мүлде ішпеген»: Журналист құлдықта болған қыздар жайлы сұмдық ақпарат айтты жеке мұрағатынан

Психотерапевтпен бірге Таразға барып қайттық дейді журналист.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған Назгүл мен Құндыздың қазіргі жағдайын білу үшін Таразға барып, олардың хал-ахуалын нақтылады.

Өтепбайдың айтуынша, Құндыздың денсаулығының нашарлауына оның дәрілерін уақытылы қабылдамауы себеп болған.

Құндыз бен Назгүлге алаңдаған жандарға... Құрметті оқырмандар, соңғы күндері қос қыздың жағдайы сіздерді алаңдатып отырғанын білемін. Сондықтан психотерапевт Санжар Тұрсынметовпен бірге Таразға барып қайттық. Бастысы, апалы-сіңлінің қазіргі жағдайы бірқалыпты. Тек Құндыз дәрілерін уақытылы ішпегендіктен, дәлірек айтсам, Алматыдан Таразға қоныс аударғалы бері мүлдем қабылдамағандықтан, денсаулығы сыр берген. Дәрігер Санжар Тұрсынметов қыздардың жағдайымен танысып, олардың қазіргі қамқоршысы Зульфия ханымға медициналық шараларды түсіндірді, – деді журналист.

Сондай-ақ, Руслан Өтепбай қыздарды өзімен алып кете алмайтынын айтты.

Құрметті оқырман, мен бұрынғыдай қыздарды Алматыға әкеліп, жанымда ұстай алмаймын. Себебі олардың заңды қамқоршысы емеспін. Ал заңға қарсы шығу – қылмыс. Тек Зульфия ханым қамқоршылықтан бас тартқан жағдайда ғана мен олардың ресми қамқоршысы бола аламын. Дегенмен бұл қыздардың жағдайын бақылап, хал сұрап тұруыма ешқандай кедергі жоқ. Әр ай сайын барып, олардың жағдайынан хабар алып тұрамын. Менен бөлек, Тараз қаласының қорғаншы және қамқоршы органдары да қыздарды өз бақылауына алады, – деп түсіндірді Өтепбай.

Журналист сөзінің соңында қыздардың барша жанашыр жандарға сәлем жолдап, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтағанын жеткізді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)