Психдиспансерде санитарлар 17 жастағы емделуші қызды зорлаған

Аиса Махамбет Редактор
19.03.2025, 16:52
625
Психдиспансерде санитарлар 17 жастағы емделуші қызды зорлаған Shutterstock

Тіпті зорланған қызға түсік жасалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, құқық қорғаушы және заңгер Айгүл Орынбек Шымкенттегі психоневрологиялық диспансерде орын алған зорлау оқиғасына қатысты тергеу барысы туралы мәлімдеді.

Адвокаттың айтуынша, 17 жастағы жәбірленушінің мүддесін қорғау барысында іс сотқа жолданып, тергеу жалғасуда. Қазіргі таңда бұл іске қатысты екі күдікті – диспансерде санитар болып жұмыс істеген қызметкерлер анықталған.

Сараптама нәтижелері олардың ақыл-есі дұрыс екенін және өз әрекеттерін түсінуге қабілетті екенін көрсеткен. Алайда, тергеу барысында жәбірленуші тергеушілер тарапынан қысым көргенін мәлімдеген. Заңгердің айтуынша, қыз олардың көмегіне жүгінбей тұрып, тергеушілер оның анасын жүктілікті тоқтатуға көндірген, нәтижесінде түсік жасалған. Бұл жағдай істің күрделене түсуіне себеп болып, әкелікті анықтау мүмкіндігін жойған.

Айгүл Орынбек мұның қылмысқа қатысты дәлелдерді жою әрекеті болуы мүмкін деген алаңдаушылығын білдірді. Адвокаттың айтуынша, аборт жасалғаннан кейін жәбірленушінің анасына даму сатысындағы ұрықты көрсеткен, ол адам кейпінде қалыптасқан. Заңгер тергеушілердің ұрықтан ең болмағанда ДНҚ сараптамасы үшін қажетті үлгілерді алмағанына назар аударды.

Бүгінгі таңда Шымкент соты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы («Зорлау») бойынша қылмыстық істі жабық отырыста қарастыруда.

Түркістанда бұрынғы келінін тойда ұрып тастаған қайын атаға қатысты сот шешімі шықты Астанадағы базарлар тексерілді: Қарақұмықтың бағасын 82%-ға көтергені әшкере болды Иманбекке «Құрмет» ордені берілді Астанадағы 3 жасар қыздың өлімі: анестезиолог соңғы минуттарда не болғанын айтып берді Сәтбаевта дүкенге пышақпен тап берген ер адам ұсталды Оңтайландырылған арнайы салық режимі кімдерге беріледі? Сәбидің 18-20 тісін бірден емдеу: Ұйықтатып қойып, оята алмай қалды Астанадағы сауда орнында жас жігітті әскерге күштеп әкетпек болған (ВИДЕО) Франция Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға жұмсауға қарсы шықты Ақтөбеде үйге халатпен оралған әйелін пышақтаған ер адамға үкім шықты Ресейліктер «Қайрат» — «Олимпиакос» матчына болжам жасады Қарағанды облысында оқушыны отқа ораған жасөспірімге үкім шықты Тоқаев пен Бақытжан Сағынтаев кездесті Банк қызметкерлері онлайн-казино қылмысына қатысы бар боп шықты Ақтөбеде автобус апатынан бес шетел азаматы қаза тапты Қадыров: Украина азаматтық нысандарға шабуыл жасағаны үшін қатаң жазаланды Яна Легкодимованың өліміне қатысты істі тергеген тергеушінің лауазымы жоғарылады 16 пайыздық ҚҚС қалай есептеледі? Қаржы министрлігі түсіндірді Трамп Зеленскийден «аздап көңілі қалғанын» айтты Енді Қазақстанда су жаңа плацкарттар жолға шығады