«Бала сүйе алмайтынымды әйеліме бір ай бойы айта алмадым»: «Мақсат пен Мақсат» тобының әншісі жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
20.03.2025, 15:34
1407
«Бала сүйе алмайтынымды әйеліме бір ай бойы айта алмадым»: «Мақсат пен Мақсат» тобының әншісі жан сырын ақтарды (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Әнші тұңғышын ұзақ жылдар бойы күтіп келгенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кезінде танымал болған “Мақсат пен Мақсат” тобының экс әншісі Мақсат Құрақбаев жеке өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Мақсат пен Меруерт жұбы “Тату-тәтті” бағдарламасында қонақ болды. 

Дәрігер анализ қорытындылары дұрыс шықпағаны үшін ұрпақ сүю қабілетін төмен екенін айтқан.  

“Былай қарап тұрсам, бізде бәрі дұрыс сияқты. Ағамның жеті, одан кейінгісінде бес баласы бар. Егізден де бар. Біздің әулетте балалы бола алмауға қатысты проблема жоқ сияқты. Дәрігердің сөзін естегенде мұздай су құйып жібергендей болды. Қазақта көбіне әйелден көреді ғой. Менен болғаннан кейін ешкімге айта алмадым. Анама да, әкеме де. Бір күні Меруертке (жарына) айтуыма тура келді. Бірден айта алмадым. Дайындалдым. Әншейін айта салмай, екеуміз екі жаққа кете салуымыз керек, өйткені оның жастық шағын маған арнап, балалы болмасақ не боламыз деп ойладым. Әрбір ананың арманы – бала сүю. Махаббатым деп өмірін өткізіп жіберем бе деген ой кетті. Өзіме оны айту оңай болған жоқ. Қазір біраз уақыт өткеннен кейін айтып жатырмын ғой. Ол кезде қатты қиналдым. Бір айдай айта алмай жүрдім. 10 жылдай көрінді. Өз-өзімді жеп қойдым. Содан не керек, Меруертке бәрін айттым. Сол кезде маған “Мақсат, қандай жағдай болса да, мен сенімен біргемін” деді. “Мен ертең қартайып, әже болып кетсем де өкінбеймін” деді. Сол маған үлкен күш берді, – деді әнші.

Айта кетейік, өнерлі жұптың ұзақ жылдан кейін сағындырып келген 12 жастағы бір ұлы бар. 

 

Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды