«Болашақ палуан»: Қозыны 30 рет көтеріп тұрған маңғыстаулық бүлдіршін жұртты тәнті етті (видео)

Аиса Махамбет Редактор
20.03.2025, 17:33
641
«Болашақ палуан»: Қозыны 30 рет көтеріп тұрған маңғыстаулық бүлдіршін жұртты тәнті етті (видео) бейнежазбадан алынған кадр

4 жасар баланың бейнежазбасы әлеуметтік желіде кеңінен тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында  Наурызға арналған іс-шарада қозыны 30 рет көтеріп, тұрып-отырған 4 жасар бала жұртты тәнті ентті. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Кішкентай Айсұлтан Беріктің қозыны көтерген видеосы желіде тарады. Бұл сайысты тәрбиешілер Наурызға арналған іс-шара аясында ұйымдастырған екен. Желі қолданушылары сәбидің күшіне таңғалды.

Тәрбиеші Гүлнұр Әлиаскарованың айтуынша, мұндай жарыстар жыл сайын өткізіледі. Ал балалар арасында мықты ұлдар көп екен.

"Балалар кішкентай кезінен физикалық белсенділікке үйренген. Олар күнделікті ата-аналарына, ата-әжелеріне мал бағуға көмектеседі. Сондықтан олар үшін мұндай міндет қиын емес. Топтағы Санжар есімді бала ешкіні 35 рет көтерді. Сондай-ақ, балалар атқа мініп, әдеттегідей ауылдағы үлкендерді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады", - деді ол.

Баланың мықтылығына желі жұртшылығы тәнті болып түрлі пікір қалдырды. 

"Қошақан көтерген қошақан", "Бұл бүлдіршінге күшті сыйлық берілуі керек", “Болашақ палуан”, “Мықты бала”, – деп жазды көпшілік.

 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады