Құлсары маңында су тасқынына қарсы 4700 қап дайындалды
Су тасқынына қарсы жұмыс күшейді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ТЖМ әскери қызметшілері Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізуде.
ТЖД қызметкерлері мен ҚР ТЖМ 20982 және 28237 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері ЖАО-мен бірлесіп елді мекендерді су басуды болдырмау мақсатында Құлсары қаласының маңында Жем өзенінің жағалау бойында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізуде.
Бүгінгі таңда әскери қызметшілер жағалау бойына төсеу үшін 50 кг 4700 қап және 1 тоннадан 300 қап дайындап, өзен арнасын 5000 м бойы нығайту жұмыстарын жүргізді.
Елді мекендерге қауіп жоқ.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші