1538

Салмағы өзінен 2 есе ауыр қошқарды 100 рет көтерген әйел ерлерді басып озды

Айым есімді әйел қошқар көтеру жарысында ерлерден де асып түсті.

Салмағы өзінен 2 есе ауыр қошқарды 100 рет көтерген әйел ерлерді басып озды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Риддерде өткен қошқар көтеру сайысында әйел адам жеңімпаз атанды.

Айым Нұржанова ерлермен бірге қошқар көтеру жарысында 100 рет отырып, тұрып қарсылас шақ келтірмеген.

Бұл нәтиже мен үшін қалыпты жағдай. Бірнеше жылдан бері бразилиялық жекпе-жек өнерімен айналысып келемін, мұнда күш жаттығуларына баса назар аударылады. Штангамен үнемі жаттығу жасаймыз. Жақында ғана ана атандым, бірақ спорттық шеберлігімнен айырылған жоқпын. Бұл жеңістің кілті болды, - деп мойындады чемпион.

Айымға сый ретінде өзі көтерген қошқар берілді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор