Екі студентін жертөледе аяусыз ұрып тастаған колледж директорының орынбасары сотталды

Аиса Махамбет Редактор
26.03.2025, 17:59
590
Екі студентін жертөледе аяусыз ұрып тастаған колледж директорының орынбасары сотталды бейнежазбадан алынған кадр

Шымкентте «Парасат» колледжінің қызметкері сотталып кетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкенттегі «Парасат» колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары екі студентті ұрып-соққаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Қазыбек Ержанов екі студенттің денсаулығына жеңіл зиян келтіргені және кәмелетке толмаған адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.  Сот отырысында ол өз кінәсін мойындамады. Кейіннен өз әрекетіне өкініп, кешірім сұрады. 

Нәтижесінде Ержанов 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ осы істің екі қатысушысы әрі студент Абзал Нұрбаев пен Аңсар Нұралханұлы да айыпталды.

Төтенше жағдай өткен жылдың қараша айында болған. Кәмелеттік жасқа толмаған Абдуғафар Ерсалиев пен Константин Зоринді колледждің жертөлесінде мұғалім үш сағат бойы ұстаған. Директордың орынбасары оларды әлеуметтік желіде орынсыз пікір жазғаны үшін соққыға жыққан. Сосын колледждің бейнебақылау камераларындағы видеоларды әдейі жойған. Дегенмен директордың орынбасары кінәсін өзі мойындаған. 

“Шешім қабылдау кезінде айыпталушының бұрын сотты болмағаны, онкологиялық аурудан емделуге есепте тұрғаны, екінші топтағы мүгедектігі, материалдық және моральдық шығынды өтегені ескерілді. Жәбірленушілер оны бас бостандығынан айырмауды сұрады”, – деді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Болат Қарабаев.

Төрт ай тергеу изоляторында отырған ұстазға қосымша жаза ретінде білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды. Ал сот білім бөліміне жеке ұйғарым шығарды. Нұрбаев пен Нұралханұлы бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды