Алматының жанармай бекеттерінде дизель тапшылығы байқалды

11.03.2023, 09:30
430
Алматының жанармай бекеттерінде дизель тапшылығы байқалды smartnews.kz

Бұл туралы Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Басқарманың мәліметінше, 10 наурыздағы жағдай бойынша Алматы қаласында 213 жанармай құю станциясы (ЖҚС) істеп тұр.

Оның ішінде ірі желілер (Гелиос, РП, Синойл, ҚазМұнайГаз, Петрол Азия, Газпромнефть) бойынша 176 ЖҚС бар. Ол 80% құрайды.

Алматы қаласы бойынша дизельді жанармайдың орташа бағасы - 230 теңге, АИ-92 маркалы бензин – 180 теңге, АИ-95 – 214 теңге.

Дизельді жанармайдың тәуліктік қажеттілігі - 900 тонна.

Бүгінгі күні жанармай құятын ірі желілер мен мұнай базаларында шамамен 11 мың тонна дизельді жанармай бар.

Алдағы 3-4 күн ішінде тағы 4,7 мың тонна дизель отыны жеткізіледі деп күтіліп отыр.

«Алматы қаласында дизель тапшылығы жоқ. Дегенмен, қаланың кейбір ЖҚС-тарында дизельді жанармайдың жетіспеушілігі байқалады. Ол өзінің жеке мұнай базасының болмауы мен зауыттардан алдын ала сатып алуға байланысты болып тұр. Бұл ретте жанармай бекеті иелерімен кездесу өткізілді. Шара барысында заңдастырылған наурыз айына арналған көлем жетпейтін дизельді жанармай көлемін жабатыны белгілі болды. Сондай-ақ қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы жанармай тапшылығына жол бермеу мәселесі бойынша ЖҚС өкілдерімен кеңес өткізді», - деп хабарлады ведомстводан.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді