«Мама, мені сіз жоқ кезде зорлады»: Түркістанда 37 жастағы еркек 8-сынып оқушысын жүкті қылған

Аиса Махамбет Редактор
28.03.2025, 13:31
3957
«Мама, мені сіз жоқ кезде зорлады»: Түркістанда 37 жастағы еркек 8-сынып оқушысын жүкті қылған depositphotos.com

Анасы қызын қатты семірді деп ойлаған. Жасөспірімнің жүктілігі 7 айдан асқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысы Келес ауданында сегізінші сыныптың оқушысы жүкті болып қалған.

14 жастағы қыздың құрсағында сәбиі бар екенін білген анасы полицияға шағымданыпты. Қазір кәмелет жасына толмаған жеткіншекті зорлады деген күдікпен 37 жастағы азамат ұсталды. Ол жәбірленушінің көршісінің үйіне келіп жүрген адам екен.

Анасы сегізінші сыныпта оқитын қызының іші шығып кеткенін байқап, ауруханаға жетектеп апарғанын айтады.

Іші өсіп жатты. Қатты семірді. Тексеруге апарсам жүкті деді. Содан білдім. Зорлық-зомбылық қылған. Зорлаған. Жаңағы Азат деген. Мама зорлады сіз жоқ кезде деп. Қорқытқан ғой қатты. Өлтіремін айтатын болсаң деп, – дейді жәбірленушінің анасы Айнұр. 

Кәмелет жасына толмаған қыз жеті ай бойы құрсағында сәбиі бар екенін ешкімге айтпаған. Тіпті, мектепке барып, сабақ оқып жүріпті. Аудандық білім бөлімінің өкілдері жәбір көрген оқушыға дағдарыс орталығының мамандары көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Қазіржасөспірім дағдарыс орталығына уақытша орналастырылды. Оған қажетті психологиялық көмек көрсетілуде. Сондай-ақ аудандық полиция бөлімі тарапынан тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – дейді Түркістан облыстық білім бөлімі. 

Бұл іс бойынша оқушының көршісінің үйіне келіп жүретін 37 жастағы азамат қамауға алынды. Екі баласы бар күдікті әпкесінің баспанасына жатып, қара жұмыспен нәпақа тапқан дейді туыстары.

Қазір полиция сот-медициналық сараптамасын тағайындап, тергеу жүргізуде.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды