556

Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді

Қыз қорқынышты жағдайын мектеп психологына айтып берген.

Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді
Stock Photo

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысында ер адам өгей қызын зорлады деген күдікпен ұсталды. 14 жастағы оқушы зорлық-зомбылық туралы мектеп психологына айтып берген. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Павлодар облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

"Зорлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу ерекше бақылауға алынды", – делінген хабарламада.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор