«Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды

Аиса Махамбет Редактор
01.04.2025, 12:14
819
«Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды әлеуметтік желіден

Марқұм Мейрамгүл Қайырбекованың артында екі баласы қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында бұрынғы күйеуінің қолынан мерт болған әйел туралы тың деректер пайда болды. Бұл туралы Мой город сайты мәлімдеді. 

27 наурызда Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында жантүршігерлік қылмыс орын алды. Емханада заңгер болып жұмыс істейтін әйелге бұрынғы күйеуі пышақпен шабуылдаған деп айыпталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаған адам – Шоқпартоғай ауылының тұрғыны. Ол қылмыс жасап, қашып кетпек болған, бірақ тез арада ұсталған.

Ер адам жәбірленушіге ол жалғыз болған кеңседе шабуылдаған көрінеді.

Жылыой аудандық ауруханасының мәліметінше, марқұм Мейрамгүл Қайырбекова ауруханада 2022 жылдан бері жұмыс істейді. Артында қызы қалды.

“Мейрамгүл Абатқызы еңбекқор, жауапкершілігі мол, өз мамандығына адал жан еді. Ол бірнеше біліктілікті арттыру курсынан өтті және үнемі ізденіп жүретін. Ол әріптестерінің арасында беделді болды. Мейрамгүл Абатқызы үлкенді сыйлайтын, әріптестерін қадірлейтін, мейірімді, ісіне тиянақты, үнемі күліп жүретін. Оның жарқын бейнесі мен мейірімді күлкісі біздің жадымызда мәңгі сақталады. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз”, – деп хабарлады аурухана.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның сот шешімімен екі айға қамауға алынғанын хабарлады.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады