ТМҰ елдерінің 20 үздік IT-стартабына Кремний алқабында оқуға грант беріледі

11.03.2023, 13:30
721
ТМҰ елдерінің 20 үздік IT-стартабына Кремний алқабында оқуға грант беріледі inform.kz

Astana Hub халықаралық технопаркі Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) елдерінің үздік технологиялық стартаптарына әлемдік нарыққа, соның ішінде АҚШ нарығына шығуға мүмкіндік ұсынады.

Осы мақсатта Astana Hub әйгілі Draper University-мен келісім жасасып, 20 перспективті стартапты Кремний алқабында Hero Training интенсивті бағдарламасы аясында дамытатын болды.

Ынтымақтастық туралы келісімге 2023 жылғы 10 наурызда Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев пен Draper University президенті Asra Nadeem Сан-Матео қаласында (Калифорния штаты) ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің АҚШ-қа ресми сапары барысында қол қойды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елдегі IT-саланың дамуына айрықша мән беруде және қолдау көрсетуде. Ос ретте біз стартаптарымызға үздік әлемдік тәжірибені ұсынғымыз келеді. Кремний алқабында орналасқан Draper University қазірдің өзінде көптеген жас IT-компаниялар үшін табысқа жетудің катализаторына айналды, өйткені ол жерде ресурстардың, капиталдың және халықаралық сарапшылардың бірегей үйлесімі бар, бұл стартаптардың жылдам дамуына мүмкіндік береді. Біздің ынтымақтастығымыз бағдарлама қатысушыларына өз бизнесін жаңа деңгейге көтеріп, жаһандық ауқымдағы кәсіпкерлікте бәсекеге қабілетті компанияға айналуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деді министр Бағдат Мусин.

Бағдарлама мынадай кезеңдерден тұрады:

Үздік 80 жоба өнімді әзірлеу және масштабтау, сондай-ақ халықаралық венчурлық қорлардан инвестиция тарту принциптері бойынша 2 апталық онлайн бағдарламасына қол жеткізе алады.

Үздік 20 жоба тәжірибелі технологиялық кәсіпкерлер және сарапшылардың жетекшілігімен инвестиция тарту әрі АҚШ нарығына шығу үшін Кремний алқабындағы Draper University-де 6 айға дейін тегін баспана және жұмыс орнымен қамтамасыз етіліп, 5 апталық қарқынды бағдарламасынан өту мүмкіндігіне ие болады.

Draper Ecosystem - бұл инновациялық экожүйені қолдау үшін озық фасилитаторлар мен тәлімгерлердің, салалық сарапшылардың, корпоративтік серіктестердің және инвесторлардың теңдесі жоқ желісін ұсыну арқылы таланттарды, сарапшыларды және инвесторларды біріктірудің бірегей тәсілі. Draper University негізін венчурлық капитал бизнесінде 38 жылдық тәжірибесі бар Тим Драпер қалады, оның басқаруында 11 қор бар, $7 млрд инвестиция салған, оның есебінде 34 unicorn және 6 rhino компания бар.

Hero Training бағдарламасына өтініш биылғы 7 сәуірге дейін қабылданады, оқу ХХ басталады. Сілтеме арқылы бағдарлама шарттары туралы толығырақ біліп, қатысуға өтінім жолдауға болады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды