«Жағдайын көре тұра, көмектеспеген»: 25 жастағы жүкті әйелдің өліміне кінәлі аурухана дәрігерлері жазасын алды

Аиса Махамбет Редактор
02.04.2025, 16:37
507
«Жағдайын көре тұра, көмектеспеген»: 25 жастағы жүкті әйелдің өліміне кінәлі аурухана дәрігерлері жазасын алды Getty Images

Дәрігерлер анадан да, сәбиден де айырылып қалғаны үшін бас дәрігер мен меңгеруші жұмыстан қуылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысында жүкті әйел мен баланың өліміне жауапты дәрігерлер жазаланды. Олар науқастың жағдайы нашарлағанын көре тұра, тиісті мекемеге ауыстырмаған.

25 жастағы жүкті келіншек наурыз айының басында ауруханаға келіп түскен. Ол денесінің ісініп кеткенін, іші ауратынын айтып шағымданған. Дәрігерлер науқыстың бүйрегі ауыратынынан күдіктенген. Алайда оны үшінші деңгейдегі медициналық мекемеге ауыстырмаған. Салдарынан 10 наурызда әйелдің жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Дәрігерлер сәбиден де айырылып қалды. Ал науқастың өзі 12 күннен кейін комада есін жимастан қайтыс болды.

Әйелдің өліміне не себеп болғанын анықтау үшін өңірде арнайы комиссия құрылып, қызметтік тергеу жүргізілді.

“Медициналық көмек беру кезіндегі бұзушылықтардың себебі – жүкті әйелдің жағдайының ауырлығын көмек көрсетудің барлық кезеңінде төмен бағалау. Олар әйелдің денесіндегі ісікті, диурездің төмендегенін елемеген. Олар науқасты үшінші деңгейдегі перинатальды көмек көрсету мекемесіне ауыстыру қажет еді. Дұрыс диагноз қойылған жағдайда, оны Тараз қаласындағы облыстық перинатальды орталыққа тасымалдау керек еді”, – деді арнайы комиссияның мүшесі. 

Жүкті әйелдің өліміне байланысты Шу аудандық көпсалалы орталық ауруханасының бас дәрігері мен босану бөлімінің меңгерушісі жұмыстан босатылды. Аурухана бас дәрігерінің орынбасары, облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің жетекшісі және осы басқарманың уақытша басшысы қатаң сөгіс алды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды