«Бар болғаны 85 шаршы метр»: Мәдина Сәдуақасова Алматының ең қымбат ауданынан қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
02.04.2025, 17:48
2580
«Бар болғаны 85 шаршы метр»: Мәдина Сәдуақасова Алматының ең қымбат ауданынан қымбат пәтер сатып алғанын айтты жеке мұрағатынан

Жақында әлі мектеп оқитын ұлына 40 млн теңгеге көлік алып берген әнші су жаңа пәтерін жұртқа көрсетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Мәдина Сәдуақасова су жаңа пәтер сатып алғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Өнер иесі Алматы қаласындағы қымбат ауданынан үш бөлмелі пәтерінің кілтін алды. 

“Өте жақын адамыма тосынсый жасағым келеді. Үй сатып алдым. Енді әрлеуіне кірісемін. Бұл үй әлі екі ай тұрады. Өйткені сыйлыққа дайындау керек. Пәтер үш бөлмелі болғанымен, 85-ақ шаршы метр. Бірақ Алматыда аудан дегені бар. Осы үйдің бағасына Астанадан үшқабатты вилли алуға болатын шығар. Пәтеріміздің кілті де қолымызда. Қатты қуанып тұрмын”, – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, өнер иесі мектепте оқитын ұлына құны 40 миллион теңге тұратын су жаңа көлік сыйлаған еді. 

“Әнуар машинасын ауыстырды. Су жаңа 2024 жылғы екен. Ойлап қалмаңыз өзі рөлге отырады деп. Әрі-бері мектеп, баскетбол, бассейнге алып жүретін көлігін жаңарттық. Құны 40 миллион теңге”, – деген еді эстрада жұлдызы. 

Руслан Берденовті атты деген күдікті Ернар Жиембайдың әкесі ресми мәлімдеме жасады Меркіде қария 13 жастағы немересін зорлаған «Біреуін мүгедек еткен»: Қарағандылық отбасы 6 бала асырап алып, оларды тоқтаусыз қорлап келген (ВИДЕО) Келіншек рұқсатсыз кәмпит жеген 8 жасар баласының саусақтарын өртеп жіберген Алаяқ тұрғындардың телефонын хабарласуға сұрап алып, бірнеше микрозайм рәсімдеген Wildberries маркетплейсінде сатылатын кремдерден «рак» тудыратын заттар табылды Ақмола облысында бәрбіреулер зиратты мазаққа айналдырып, анайы суреттер салып кеткен Макрон: АҚШ өз ызасын тек Путинге бағыттауы керек Жанар Айжанова қызының ұзату тойын дүркіретіп өткізді (ФОТО) Ер адам шулаған жастарды тыныштандырамын деп әйел адамды атып өлтірді Жасанды интеллект өкпе обырын дәрігерлерден төрт ай бұрын анықтап алды 14 жылдық үнсіз азап: Түркістанда мүгедек жігітті әкесінің бауырлары зорлап келген «Қатерлі ісік»: Қазақстандағы түрмелерді қарайтын Серік Голова қайтыс болды «Мұрат соттан қашып ішіп кетті, ал әйелі алаяқ»: заңгер Мұрат Әбділда мен оның әйелі туралы шындықты айтты Ауруханадағы комедия: 62 жастағы ер адамның жамбасынан күлімдеген бет шықты «Тырнақ астына, табанға ине тығады»: ата-аналар Шымкент түрмесіндегілерді азаптап жатқанын жеткізді (ВИДЕО) «Уайымдама, тез келемін…»: 16 жастағы мектеп оқушысы ешкімге айтпай саунаға кетіп, қаза болды Түркияда жер сілкінісінен кейін Өзбекстан азаматы стресстен көз жұмды «Ресей үшін соғысуға адам тартқан»: Қырғызстандағы «Русский дом» қызметкері қамауға алынды Шымкенттік оқушы әлемнің үздік 50 университетінен шақырту алды