«Мектепте «мини юбка» киген қыздар жүкті болып жатыр»: Атышулы блогер мектепте орамалды рұқсат етпейтін заңға ренжіді

04.04.2025, 09:45
551
«Мектепте «мини юбка» киген қыздар жүкті болып жатыр»: Атышулы блогер мектепте орамалды рұқсат етпейтін заңға ренжіді бейнежазбадан алынған кадр

15 см тырнақ өсіріп мектепте оқып жүргендер де бар дейді діни блогер. Ол бұған дейін «Әйел көп еркекпен қосылса, инфекция тарайды» деп сынға қалған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, блогер Жанәділ Райымбековтың тағы бір пікірі қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Блогер мектепте оқитын қыздардың қысқа белдемше киюі олардың ерте жүкті болуына әсер етіп жатқанын айтып, дабыл қақты. 

"Мектепке тізеден келетін немесе тізеден жоғары шотланд белдемшесін киіп баратын қыздар өте көп. Кеше статистиканы көрдік. Түркістан облысында 400-ден астам мектеп жасындағы қыздар жүкті болып қалған. Енді сіз ойлап қараңыз, сол мектепте жүріп қыздардың электронды темекі шегетінін, есірткі тұтынатынын, түнгі клубқа баратынын бәрі біледі. Мини юбка киіп, кеудесі тырысқан көйлек киіп жүреді. “Бұл біздің дәстүрімізде жоқ, қай қазақтың қызы осындай киіп еді” деп айқай шығарып, парламентте мәселе көтеріп отырған ешкімді көрмедім. Бірақ бір қыз орамал тағып, “5-пен” оқып, қызыл дипломмен бітірейін деп жатса да жер-жебіріне жетеді. Мәселе көтеріп, оны парламентте талқылап, министрліктен тыйым салу туралы бұйрық шығарып, біздің салтымызда жоқ деп талайды”, – дейді блогер. 

Одан кейін желі жұлдызы қазақ әйелдерінің ешқайсысы жалаңбас жүрмегенін еске салды.

“Қай қазақтың әйелі жалаңбас жүрген еді. Бәрі жаулықпен жүрген, тіпті жастарының өзі де орамал таққан. Сол қыздардың бәрін мектепке кіргізбейді. 15 см тырнақ өсіріп мектепте оқып жүргендер де бар. Бірақ орамалға рұқсат жоқ. ЛГБТ өкілдеріне көшеде еркін жиналыс жасап, көшеде шеру жасауға рұқсат етеді. Бірақ орамал тағуға рұқсат жоқ. Соның бәрін көріп тұрып, қоғамдық мәселе көтеріп жатқан бір адам көрген жоқпын", — дейді ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, зорлық-зомбылыққа қарсы екендерін жазды. 

“5 жастағы қызды зорлап кеткендер қаншама?!”, “Өте дұрыс айтасыз”, “Қазақ әйелі хиджаб кимеген”, “Жүктіліктің себебін таптым деп ойлап тұр-ау”, “Жігіттер арам пиғылды болмауы керек”, – деп жазды көпшілік. 

 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды