«Сүйеу болар әкең жоқ»: Меруерт Түсіпбаева IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын үлгі етті

Аиса Махамбет Редактор
04.04.2025, 18:16
779
«Сүйеу болар әкең жоқ»: Меруерт Түсіпбаева IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын үлгі етті әлеуметтік желіден

Балама «Әкең жоқ, білімді бол» деп айттым дейді Меруерт Түсіпбаева.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын мақтады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Мерей Заманбекқызы ағылшын тілінен тест тапсырып, 8.5 балл жинаған еді. 

"Баламды жалғыз өсірдім. Ұл баланы мүмкін қызды да әрдайым дұрыс жолға салып отыру керек. Тіпті кейде ұрсып, кейде алдап жетелеуге тура келеді. Қазіргі балаларда азғыру көп қой. Біздің бала күнімізде, ата-анамыздың бақытына орай, смартфондар мен гаджеттер болмады", – деп бастады әңгімесін әнші. 

Өнер иесінің сөзінше, сахнада жүрген әйел адамдар бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлмей қалатын көрінеді. 

“Мен – өнер адамымын. Соған қарамастан балама "Саған сүйеу болар әкең жоқ, бірақ білімің болса, сен ең мықты адамсың. Сенің бойыңа сіңірген білімді ешкім тартып ала алмайды" деп айтып келемін. Бала тәрбиелеу оңай шаруа емес, ол үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бір ғана балам болса да, оның саналы, сапалы, білімді болып өсуі үшін табандылық таныттым. Кеше Мерейдің жетістігі туралы естіп, қатты қуандым. Бұл Мерейдің ғана емес, ең алдымен оның анасы Мақпал Жүнісованың жеңісі! IELTS емтиханында кейбір университет оқытушылары 5 балл алып, мәз болып жатады. Ал ең жоғары көрсеткіш 9 балл екенін білесіздер", – деп жазды ҚР еңбек сіңірген қайраткері. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды