Павлодарлық азаматтың көлігінен заңсыз ауланған 149 келі балық табылды
Павлодарлық азаматтың көлігінен жалпы салмағы 149 келі болатын 5 қап балық табылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Жұмыскер ауылдық округінің дала аймағында Mitsubishi Montero автокөлігі тоқтатылды.
"Көліктің салонында рұқсат құжаттары жоқ жалпы салмағы 149 келі болатын 5 қап "карась" балығы табылды. Оның Қарасор көлінің жанында балық аулағаны анықталды", - деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.