Актер Шәріп Серік әйелін ұрғаны үшін емес, балағаттағаны үшін сотталған

Аиса Махамбет Редактор
07.04.2025, 11:33
662
Актер Шәріп Серік әйелін ұрғаны үшін емес, балағаттағаны үшін сотталған әлеуметтік желіден

Оны ең жоғарғы жаза 5 тәулікке қамауға алған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Ильяс Канбай Шәріп Серікке қатысты үкімнің мән-жайын айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Журналистің сөзінше, Шәріп Серік зорлық-зомбылық үшін емес, балағат сөздер айтқаны үшін сотталған. 

"Үкімнің мән-жайымен таныстым. Былай жазылған: "С бірге тұрып жатқан Б-мен жанжал кезінде балағат сөздер айтқан. Оған әкімшілік баптың бірінші бөлігі "Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас кезіндегі теріс әрекеттер" бойынша айып тағылған. Бұл шапалаққа немесе жұлқылауға қатысты емес, тек кемсіту, төмендету және мүлікті бүлдіру туралы. Ол бойынша ең жоғарғы жаза 5 тәулік", – деп жазды ол. 

Журналист мұндай үкім шығуы Алия Бутееваның арыз жазбауымен байланысты болуы мүмкін дейді. 

"Алматы полиция департаменті маған осылай хабарлады, бүгін таңертең сұрап білдім. Негізінде Шакенти 5 емес, "Ұрып-соғу" бабымен 50 және одан да көп тәулікке қамалуы мүмкін еді", – деп қосты ол.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді