Тәтті жегісі келген оралдық ер адам дүкеннің терезесін сындырып, шоколад ұрлап кеткен (ВИДЕО)
«Аса қауіпті ұры» 30 тәулікке қамалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оралда дүкеннен шоколад ұрлап кеткен азамат ұсталды.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, мас ер адам супермаркеттің терезесін сындырып, ішке кіріп, бірнеше шоколадты ұрлап кеткен. Құқық бұзушы қылмыс үстінде ұсталып, ұрланған шоколад тәркіленді.
Анықталғандай, сот бұған дейін ер адамға заңбұзушылықтары үшін ерекше шарттар қойған. Ол қоғамдық орындарда бірнеше рет мас күйінде ұсталып, сот шешімін де орындамаған. Сол үшін ол 30 тәулікке қамауға алынды. Ұсталған азаматқа қатысты да ұсақ ұрлық жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор