«2,4 миллион теңге»: БҚО-да 40 мұғалімге тиесілі сыйақысы берілмегені анықталды

Аиса Махамбет Редактор
07.04.2025, 16:36
528
«2,4 миллион теңге»: БҚО-да 40 мұғалімге тиесілі сыйақысы берілмегені анықталды informburo.kz

Мектеп басқа қалаға жіберген мұғалімдеріне іссапар ақысын да бермеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының прокуратурасы талдау жүргізу барысында 40 мұғалімнің еңбектері үшін сыйақы алуға конституциялық құқықтарын бұзу фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, 2024 жылы аудандық білім басқармасы 40 мұғалімге жалпы сомасы 2,4 миллион теңге көлеміндегі жол ақысын төлемеген. Ал ҚР Конституциясы 24-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

- Еңбек кодексі 127-бабының 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларына сәйкес іссапарға жіберілген қызметкерлерге іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін тәуліктік төлемдер, баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстары, тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді.

Прокуратураның ұсынуы бойынша жалпы сомасы 2,4 миллион теңге құрайтын жол ақысы төленді, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп жазды прокуратурадан.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды