1454

Қарағандылық бас тергеуші қылмысқа қатысты айғақтарды ұрлаған

Бұрынғы тергеуші Рустам Күлкеевке қатысты іс 49 том болған.

Қарағандылық бас тергеуші қылмысқа қатысты айғақтарды ұрлаған
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда облыстың бұрынғы бас тергеушісі Рустам Күлкеев сот алдында жауапқа тартылды. Күдіктіге дәлелзат ретінде тәркіленген заттарды, соның ішінде Теміртаудағы тұтас бір контейнер майнинг жабдықтарын ұрлады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Информбюро бағдарламасы жазды.

Күлкеевті үш адвокат және оның зайыбы қоғамдық қорғаушы ретінде қорғамақ. Қылмыстық істің көлемі – 49 том. Бұған дейін Қарағандыда осы іске қатысты үш сыбайласы – Күлкеевтің қарамағында істеген тергеуші Айдын Қанатов, әкімдік қызметкері Николай Ким және кәсіпкер Алишер Ақатаев сот алдында жауап берген еді. Процестік прокурор бұл істерді бір процесте қарауды сұрады. Сот бұл өтінішті қанағаттандырды.

Алайда айыпталушының бір қорғаушысы Алмас Әбдәқасов тергеу барысында қылмыстық іс жүргізу заңнамасының өрескел бұзылғанын айтты.

"Құрметті сот, мен осы қылмыстық істер бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың дәлелденбегені және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының өрескел бұзылғаны себепті істі тоқтату туралы шешім шығаруыңызды сұраймын", – деді Алмас Әбдәқасов.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор