Қоғамдық орында пранк жасаған блогерлер жазасын алмақ

Аиса Махамбет Редактор
08.04.2025, 18:03
518
Қоғамдық орында пранк жасаған блогерлер жазасын алмақ бейнежазбадан алынған кадр

Жолаушыларды қорқытқан блогерлер көпшілікті әбден ашуландырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіге метрода екі блогердің жаға ұстасқан видеосы тарады. 

Бейнежазбада дене бітімінде ерекшелігі бар жас жігіт жарапазан айтып жүреді. Бір жігіттің алдына барып, тұрып алады. Ол кедергі жасап тұрғанын ескертеді. Кейін ашуға булыққан жолаушы жігіт агрессив түрде шабуыл жасайды. Оны бірнеше рет итеріп, әдепсіз сөздермен балағаттайды.

Қақтығысты байқаған басқа жолаушылар бірден екі жігітті сабырға шақырады. Кейбір жолаушылар қорқып, пойыздан түсуге асығады. Соңында екі жігіттің әрекеті алдын ала сценарийге құрылған пранк болып шығады. 

Осы оқиға қоғамда қызу талқыланып, көпшіліктің ашуын туғызды. 

“Бұл блогерлерге метрода жүруге тыйым салу керек”, “Айыппұл төлеттіруге болады”, “Циркте жұмыс істейтін сайқымазақтар”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Одан кейін Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Бейнероликке қатысушылардың жеке басы анықталып, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жауапкершілікке тартылмақ.

Сондай-ақ департамент өкілі мұндай оқыс іс-әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзып, құқық бұзушылыққа әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды