Антарктика мұзының көлемі кішірейіп, «тарихи минимум» деңгейге жетті

12.03.2023, 10:47
388
Антарктика мұзының көлемі кішірейіп, «тарихи минимум» деңгейге жетті inform.kz

Антарктикадағы теңіз мұзының көлемі тарихтағы минимум деңгейге жетті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) хабарлауынша, жаһандық деңгейде осымен бесінші жыл қатарынан ақпан айы өте жылы болды. Экстремалды температура және жауын-шашын көп болды, ал Еуропада екінші ең жылы қыс тіркелді.

Теңіз мұзы жаһандық, аймақтық және жергілікті ауа райына үлкен әсер етеді. Бұл Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның жаһандық климаттың жай-күйі туралы есебіндегі негізгі климаттық көрсеткіш. Теңіз мұз аймағының өзгеруі экожүйелер мен қоғам үшін ауыр зардапқа әкелуі мүмкін.

Арктиканың жылынуы орташа жаһандық жылынудан екі есе жылдам жүруде. Нәтижесінде арктикалық теңіз мұзы 45 жылдық спутниктік бақылау барысында күрт төмендеді. Бақылау тарихында ақпандағы қыстың соңғы аязында теңіз мұзының ауданы рекордтық деңгейде төмендеді.

Қаңтар мен ақпанда антарктикалық теңіз мұзы көлемінің төмендеуі рекордтық деңгейге жетті. Ақпанның аяғында мұз 1,83 миллион шаршы шақырымды құрады. Бұл 2022 жылдың ақпанында тіркелген рекордтық ең төменгі деңгейден 93000 шаршы шақырымға төмен.

Өткен жылы Антарктидадағы теңіз мұзының ауданы жалпы алғанда төмен болды. Ал жаңа мұз әдеттегіден жұқа әрі сынғыш келді. Сонымен қатар, Антарктика түбегі (Оңтүстік Америкаға жақын солтүстік-батыс шеті) планетаның ең жылдам жылынатын аймақтарының бірі – соңғы 50 жыл ішінде шамамен 3°C.

«Сатқындық жасағанымды мойындадым»: Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйеліне шарт қойған (ФОТО) «Ту сыртынан шабуылдаған»: 10 жасар бала күдікті ұрлап бара жатқан қызды құтқарып қалды Енді жасанды интеллект қатерлі ісік кезіндегі өмір сүру ұзақтығын селфи болжай алады «Багажға салып, ұрады»: Ақтауда тұрғындар иттерді құтқаруды талап етіп жатыр (ВИДЕО) Жаңа Рим папасы Арыстан XIV Украина мен Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды Үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев 40 жас мерейтойын өткізді (ВИДЕО) «Путин, сылтауратпашы!»: Зеленский 15 мамыр күні Ыстамбұлда Путинмен шұғыл кездесуге баратынын айтты «Күдіктілер 15 жаста»: Атырауда бір топ жасөспірім 2 балаға зорлық пен қастық жасаған (ВИДЕО) Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Құрбан айтта қанша күн демалыс беріледі? Қайрат Нұртастың әйелі балалары автобуспен жүретінін айтты (ФОТО) «Мені тойға шақыра бермеңдер!»: Астаналық бойжеткеннің видеосы желіде пікірталас тудырды (ВИДЕО) Мамырда Қазақстанның оннан астам өңірінде құрғақшылық болады Каспий жағалауында тағы да итбалықтар мен құстар қырылып жатыр (ВИДЕО) Ұлттық госпиталь Сара Назарбаеваның сырқатына қатысты пікір білдірді Токиода қазақтың күйін әуелеткен жапон музыканты жұртты тәнті етті (ВИДЕО) «Американың Невадасы жолда қалды»: Желіде Тұзбайырдың табиғаты көпті таңғалдырды (ВИДЕО) Макрон мен Мерц Ресейге санкциялармен сес көрсетіп, Украинаны қолдауға уәде етті «Талайды тірілттім»: Астанадағы парадқа кіре алмаған ардагер сұхбат берді Еуропаның төрт ел басшылары бітім тақырыбын талқылау үшін Киевке келді