Жиһад насихаттап, әскер жасақтаған шымкенттік 8 жылға бас бостандығынан айырылды
WhatsApp арқылы насихат жүргізген ол жұртты қарулы жиһадқа шақырған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте танымал мессенджерді пайдаланып, лаңкестікті насихаттап, адамдарды өз қатарына тарту үшін сотталды.
Бұл туралы қалалық прокуратура 2025 жылдың 9 сәуірінде хабарлады:
2024 жылғы қыркүйекте Шымкент қаласында "С" есімді азамат "WhatsApp" мессенджері арқылы танысы "Т" есімді азаматшаға халықаралық террористік ұйым "Мұсылман бауырлар" идеологиясын және "қарулы жиһад" идеясын насихаттайтын, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды жолдап, террористік топтарға қосылуға үгіт – насихат жасаған.
Сот үкімімен "С" есімді азамат ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі (терроризмді насихаттау, сондай-ақ осындай мазмұндағы материалдарды интернет-ресурстар арқылы тарату) және 296-бабының 1-бөлігі (террористік не экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарға үгіт – насихат жасау, даярлау немесе қаруландыру) бойынша кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
"Өткен жылы осындай қылмыс жасағаны үшін 10 азамат сотталған", – дейді Шымкент қаласының прокуратурасы.
Шымкент қаласының прокуратурасы бұл әрекеттер үшін 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы және мүлкін тәркілеу қарастырылғанын ескертеді.
Материал авторы