Астанада әйел адам араға 59 жыл салып анасын тапты

09.04.2025, 14:36
361
Астанада әйел адам араға 59 жыл салып анасын тапты Polisia.kz

Әйел 78 жастағы анасымен қауышуға көмектескен полицейлерге шексіз алғысын жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, астаналық полицейлер Ресей азаматына 59 жылдан кейін анасын табуға көмектесті. Анасы мен қызының кездесуін учаскелік инспектор Бақытжан Сарманов ұйымдастырды.

- Биыл наурызда полиция пунктінің қызметтік нөміріне 59 жастағы Ресей Федерациясының азаматшасы хабарласып, анасын табуға көмек сұраған. Майор Сарманов жан-жақты тексеру жүргізіп, әйелдің туысын анықтай алды. Әйел әуе билетін сатып алып, жақында Қазақстанға ұшып келді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Анасымен қауышқан Ресей азаматы елордалық полицейге шексіз алғысын жеткізді. Анықталғандай, ол анасын көптеген жыл бойы таба алмай жүрген.

– Мен тіпті адамдарды іздеумен айналысатын телебағдарламаға да жүгіндім, бірақ, ешқандай нәтиже болмады. Ал Бақытжан Сарманов менің туыстарымды тауып берді. Шетел азаматы ретінде мен Қазақстан полициясының зейінділігі мен ұқыптылығына таңғалдым, - деді ресейлік әйел.

Қызымен қауышқан 78 жастағы қарт ана көз жасын тыя алмай, тәртіп сақшыларына разылық танытты.

– Бұл офицер менің оқиғама түсіністікпен қарап, шынайы жанашырлық танытты. Ол өз қызметтік борышын жедел әрі адал орындады. Осындай қызметкер үшін алғыс білдіремін және сіздерге осындай үлгілі полицейлер көп болсын деп тілеймін, - дейді қария.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды