516

Ақтауда көшеде жартылай жалаңаш жүрген ер адам тұрғындардың ашуына тиді (ВИДЕО)

Полиция жігітке хаттама толтырғанын айтты.

Ақтауда көшеде жартылай жалаңаш жүрген ер адам тұрғындардың ашуына тиді (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтаудағы көше бойында түн жарымында жартылай жалаңаш жүрген ер адамның видеосы желіде тарап кетті. Бейне қазнет қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.

Кадрда — жартылай жалаңаш ер адам 15-шағынауданда жол бойымен әрең жүріп бара жатқан сәті түсірілген.

Lada.kz ақпаратына сүйенсек, бейне 8 сәуірге қараған түні түсірілген.

Өз кезегінде, Полиция департаменті бұл азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (қоғамдық орында мас күйінде жүру) және 615-бабы (жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.

Оған 7 АЕК — 27 524 теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор