Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді

Аиса Махамбет Редактор
11.04.2025, 12:12
548
Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді t.me/@Jogargy_sot

Баласын қорғағысы келген анасы Шерзатты құшақтап отырғанына қарамастан, күдіктілер баланың басынан теуіп жиналмалы бәкі пышақтың және мылтықтың сабымен басынан бірнеше рет ұрған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, прокурор Ержан Құрақбаев Шерзат Болаттың ісі бойынша сотта айыптау актісін оқыған кезде оқиға қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды

Прокурор актісі бойынша 3 қазан 23:22-де Дархан Әскентай масаң күйде Талғарда Менделеев көшесінде «Қамажай» дүкеніне кіріп, 3 бөтелке «Кружка свежего» сырасын және 4 дана темекі алған.

Ақысын кәмелетке толмаған танысы Әскербекке қоңырау шалып, дүкенде көрсетілген нөмірге 1000 теңге аудартқызу арқылы төлейді.

Сосын арада 8 минут өткенде қайта келіп, Қаржаубай Нұрымовқа телефонын қуаттап беруді сұрайды. Қойғасын сыртта тұрады. Сырасын да далада ішеді.

Ал сағат 23:52-де марқұм Шерзат Болат Әскентай әкесіне балағат сөз айтты деп ойлап, оң жақ көзі тұсынан екі рет ұрған. Ал Қаржаубай ұлына ескерту айтып, Әскентайдың бетін жуады, одан кешірім сұрайды. Бірақ соққы алған Әскентай бірден Нұрбол Тоқтаубаев есімді жігітті шақыртады. Ол қасына Думан Ысқақ деген жігітті ертіп алады.

Оны Қаржаубай түсініп, інісі Нұрғанат Ғайыпбаевты шақырады. Ол Әскентайлардан кешірім сұрап, мәселені ушықтырмауды сұрайды. Сөз арасында Нұрғанат Әскентай 1500 теңге төлемегенін айтып өтеді. Соны естіген Нұрбол құрдастарын жинап кетіп қалады. Бірақ көлікте отырған кезде Әскентай төлем жасағанын айтып, түбіртекті көрсетеді. 

Бұл тұста Нұрбол ашуланып, дүкенге қайта кіреді. Әскентай дүкен иесіне қалған ақшасын аударып береді. Бірақ бұған ашуланған Нұрымов дүкенде тұрған асүй пышағымен қорқытады.

Шерзат әкесін ажыратып, дүкенге кіргізіп жібереді. Сол тұста Әскентайдың басқа таныстары, яғни сотталушылар дүкенге жиналады. Белқожаевтың көлігінде Нұрбекова мен Жақсыгелді деген қыздар болған. Шерзат та қолдау көрсетсін деп үш досын шақырған көрінеді.

Абзал Шынасыл Шерзаттың кәмелетке толмаған досы Махметті ұрады. Соны көріп, Шерзаттың екі досы Махметті алып, қашып кетеді.

Махметті ұрғанын көріп, Нұрымов пышақпен шыққан. Алайда Белғараев есікті теуіп, Қаржаубайды қайтып дүкенге кіргізіп жіберген. Одан соң аңшылық мылтықпен екі рет атқан.

Прокурордың айтуынша, сағат 00.42 минутта Шынасыл атты күдікті анасы мен әжесінің көзінше Шерзаттың жүрегіне пышақ сұғып алған. Шерзат Болат асфальтқа отырып қалған.

Әскентай, Тоқтаубаев, Ғалиахмет, Шынасыл, Сәкиев бәрі жабылып, сыраның бөтелке сынығын Ғайыпбаевқа лақтырған, артынша оны ұрған. Одан кейін оған асүй пышақтарын сермеген, Тоқтаубаевтың пышағы тиіп, Нұрғанаттың күртешесін жыртып тастаған.

Оқиға орнына әжесі келген кезде оны Шынасыл итеріп құлатқан. 

Бишімбиева баласы Шерзаттың асфальтта отырғанын көріп, соған қарай бармақ болған кезде оның алдынан Шынасыл мен Ілиясов шығып, екі білегінен ұстап жібермей қойған. Содан кейін Ғайыпбаев Шерзаттың «Нұрқанат аға, маған бірдеңе сұғып алды» деген дауысын естіп, жүгіріп барып, жедел жәрдем шақыру үшін «скорый» деп айғайлай бастаған. Осыдан кейін Әскентай, Тоқтаубаев Нұрбол, Белғожаев, Ілиясов, Шынасыл Шота Руставели көшесінің бойында отырған Ғайыпбаев пен Болатқа қарай барған. 

Бишімбиева Болатқа бірінші болып жетіп, құшақтап алған. Белғожаев Болаттың басынан аяғымен теуіп, жиналмалы бәкі пышағының сабымен Шерзаттың басынан бірнеше рет соққы жасаған. Ал Ілиясов сол жерде 16 калибрлі мылтықты жерден алып, аталған мылтықтың сабымен Болаттың басынан бір мәрте соққы жасаған. Аталған соққы анасының оң жақ қолына тиген. Мұнымен шектелмей Ілиясов өзінің әрекеттерін жалғастырып, мылтықтың сабымен Ғайыпбаевтың басынан бірнеше рет соққы жасаған. Осы уақытта Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Ілиясов, Белғожаев, Тәкиев, Шынасыл қолдарымен және аяқтарымен жерде жатқан Ғайыпбаев пен Полатты ұрып соққан. Сол уақытта Шынасыл Ғайыпбаевқа пышақпен дене жарақаттарын келтірген. Шынасыл қоңыр түсті ас пышағымен Ғайыпбаевтың жамбас тұсынан бір рет сұғып алған. Сәкиев тергеумен анықталмаған пышақпен Ғайыпбаевтың иық тұсына екі рет сұғып алған. Салдарынан Ғайыпбаев сол жерде есінен танып қалған. Шынасыл мен Сәкиев Ғайыпбаевты өлтіргендеріне көзі жеткен. Алайда Ғайыпбаев тірі қалған.

Соның арасында Нұрғанаттың 220 мың теңгелік телефонын да ұрлап кеткен. 

Қаржаубай ұлы мен інісін көлікке салып, аудандық ауруханаға апарған.

Оларға қандай айып тағылып отыр:

  • Абзал Шынасыл – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық», 99-бабы 2-бөлігі 4-5-тармағы “Аса қатігездікпен қасақана адам өлтіру”,  24-баптың 3-бөлігі «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу»;
  • Равиль Сәкиев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық», 99-бабы 2-бөлігі 7-9-тармағы «Аса қатігездікпен қасақана адам өлтіру»;
  • Шыңғыс Белқожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Ғалиахмет, Азамат Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық»;
  • Думан Ысқақ  – Қылмыстық кодекстің 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау».
«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)