«Себебін анықтап жатырмыз»: Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелес ұйымдастырды

14.04.2025, 10:10
526
«Себебін анықтап жатырмыз»: Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелес ұйымдастырды ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының бірінші курс курсанттары жаппай төбелес ұйымдастырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде курсанттардың жаппай төбелескені туралы хабар тарады.

Түрлі дерекке сенсек, төбелескендердің саны шамамен 20 пен 40 арасында болған. Төбелеске аталған жоғары оқу орнында білім алып жүрген Тәжікстан азаматтары да қатысқан деген ақпарат бар. 

Ұлттық ұлан академиясы болған жағдайды растады.

“Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясында бірінші курс курсанттарының арасында болған жанжалға байланысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Оқиға салдарынан бірнеше курсанттардың денесі сырылып, көгеріп қалған. Осылайша жеңіл жарақат алған. Оларға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызуға еш себеп жоқ”, – деп мәлімдеді академия.

Сондай-ақ оқу орны болған жағдайдың анық-қанығын анықтап жатқанын хабарлады.

Академия 1997 жылы Қазақстан ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінің жоғары әскери училищесі ретінде құрылған. 2022 жылы оқу орнына Ұлттық ұлан академиясы мәртебесі берілді. Бұл — еліміздегі әскери кадрларды сегіз мамандық бойынша даярлайтын жалғыз жоғары әскери оқу орны.

Академияда Қазақстан азаматтарымен қатар, өзге елдердің азаматтары да білім алады. Мәселен, үкіметаралық келісімдерге сәйкес, 2009 жылдың қыркүйегінен бастап бұл әскери оқу орнында Тәжікстан өкілдері жыл сайын әскери мамандықты тегін меңгереді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды