«Жаман адамның аты болса…»: Нұрлан имам азан шақырып қойылған есімді қалай өзгертуге болатынын айтты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
14.04.2025, 19:29
629
«Жаман адамның аты болса…»: Нұрлан имам азан шақырып қойылған есімді қалай өзгертуге болатынын айтты (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Имам азан шақырып қойылған есімді қандай жағдайда, қалай өзгертуге болатынын түсіндірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ислам дінінде азан шақырып қойған адамның атын өзгертуге бола ма деген сұраққа белгілі имам Нұрлан Байжігітов жауап берді.

Нұрлан имамның айтуынша, шариғат бойынша атты өзгертуге себеп болған жағдайда рұқсат.

"Ең бірінші, тарихта өте бір жаман адам ретінде есімі елге мәшһүр болып, таңбаланып қалған адамның яғни, бүкіл халыққа жамандығы өткен адамның аты қойылса өзгерту керек. Екіншісі  өз атынан өзі ұялса. Мысалы, ел мазақтап, кішкентай балалар күліп, жұрт қайта-қайта сұрай берсе, содан қиналса өзгерткен жақсы", - дейді "Хабар" арнасындағы "Дәстүр" бағдарламасында қонақ болған Нұрлан Байжігітов.

Сондай-ақ Нұрлан имам бүтіндей бір ұлтқа қиянаты өткен адамдардың атын қоймаған абзал екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Нұрлан имам егер, адам өз атынан қатты қиналса, онда лақап ат қоюға болатынын айтты. Бұл ретте ол қазақтың ұлы тұлғаларын мысал етті.

Дін маманы себепсіз атты өзгертуге болмайтынын да тілге тиек етті.

"Қойылған нәрсе қазықтай болып қалу керек. Баланың болашақта азамат, тұлға болып қалыптасуы есіміне байланбауы керек", - деді ол.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды