Ақмола облысында тағы бір жанар-жағармай құю станциясына айыппұл салынды

12.03.2023, 19:25
502
Ақмола облысында тағы бір жанар-жағармай құю станциясына айыппұл салынды smartnews.kz

Ақмола облысында тағы бір жанар-жағармай құю станциясына айыппұл салынды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Қазақстан автохимиясын өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығының» өтініші бойынша «PETROLEUM TRADE» ЖШС-нің «Эталон» жанар-жағармай құю станциясына қатысты Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізді.

«Тексеру барысында KIXXG1 5W40, 1 L (өндірушісі: GSCaltexCorp, GSTower 508, Nonheyon-ro, Seoul, Korea) маркалы мотор майының КҚ ТР 4.4 тармағының талаптарына сәйкес келмеуі анықталды. Сондай-ақ, бейнематериалдарға сәйкес сатушының заңды тұлғаның талабы бойынша сапа паспортының көшірмесін немесе қауіпсіздік паспортының көшірмесін ұсынбауы жайлы дерек тіркелді», - деді ведомстводан.

Осы ретте, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 415-бабының 1-бөлігіне сәйкес келмейтін өнімді айналысқа шығару бойынша нормативтік құқықтық актілермен жауапкершілік көзделген.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жалпы сомасы 534 750 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұлдың толық соммасы төленді. Департамент қызметкерлері «Техникалық реттеу туралы» Заңның және Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді», - деп толықтырды ведомстводан.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды