Алматылық дәрігерлер ота арқылы науқастың даусын сақтап қалды

15.04.2025, 13:50
280
Алматылық дәрігерлер ота арқылы науқастың даусын сақтап қалды Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Дәрігерлер оның қалқанша безін толығымен алып тастаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жақында Алматы Онкологиялық орталығының хирургтары үлкендігі грейпфруттай қалқанша безі ісігін алып, жоғары технологиялық отаны сәтімен атқарды.

Белгілі болғандай, науқас өңеші қысылып, тыныс алуы қиындағаннан кейін дәрігерлерге жүгінген.

Өз кезегінде мамандар қалқанша безі ісігінің көлемі 10 сантиметрге жетіп, мойын бұлшықетіне қарай өсіп, лимфатүйінінде метастаздық зақымданулар пайда болғанын анықтаған.

Ота екі сағатқа созылған.

"Ота ашық тәсілмен жүргізілді. Ісікке байланысты қатты ығысқан қайтарымды көмей жүйкелерін бөліп алып, дауыс функциясын сақтап қалуға мүмкіндік туды. Қалқанша безі толығымен алынып тасталып, мойын лимфадиссекциясы жүргізілді", – дейді Алматы онкология орталығының хирургы Шыңғыс Сатымбаев.

Мұнымен қоса, отадан кейін жағдайы жақсы науқас үйіне шығарылған.

Мамандар мұндай қатерлі ісіктерді асқындырмай анықтаса, оны емдеу әлдеқайда жеңіл болатындығын тағы да еске салды.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады